Нукиева Миргул Адилбековна » КГУ 'Средняя школа Когедай'
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көгедай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 775 497 11 53
Есепші бөлімі:
+7 777 856 07-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нукиева Миргул Адилбековна
30
апрель
2026

Нукиева Миргул Адилбековна

Нукиева Миргул Адилбековна, 
1987 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Көгедай ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Көгедай ауылы «Көгедай» орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 2005 жылы аталған мектептің 11 сыныбын аяқтадым. 2005 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің биология бакалавры мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы тәмәмдадым. 2009 жылы Көгедай орта мектебіне биология пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2022-23 жылы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің Жамбыл атындағы негізгі орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2023-24 жылы Алматы қаласы Алатау ауданының №196 ЖББМ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, №83 Гимназияда орыс сыныптарындағы биология пәнінің мұғалімі және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметтерін атқардым.             2024-2026  жылдар аралығында Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің дарынды оқушылармен жұмыс және химия, биология, география пәндері мұғалімдерінің әдіскері қызметін атқардым. 2026 жылдың 21 сәуірінен Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Көгедай орта мектебі» КММ-нің директоры лауазымына тағайындалдым.